ОСК сайлаушылардың белсенділігі туралы сағат сайын мәлімет беріп отыр

Бүгін республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі есігін айқара ашты.

Оның 86-сы таңғы 6-дан бері жұмыс істеп жатыр. Орталық сайлау комиссиясында да жұмыс қызу.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

Орталық сайлау коммиссиясы бұл науқанға сайлау учаскелері толық дайын деп мәлімдеген. Кеше облыстардағы және ірі қалалардағы өңірлік сайлау комиссиялары орталыққа осылай есеп берді. Бұқаралық ақпарат құралдары да саяси науқанға сақадай сай. Орталық сайлау коммиссиясы ғимаратына журналистер мен баспасөз беттерінің өкілдері таңмен таласып келді. Қазір олар Орталық сайлау коммиссиясының алғашқы брифингін тыңдап отыр. Айта кетейік, мұнда елдегі сайлаушылардың белсенділігі мен учаскелердің жұмысы жайлы сағат сайын ресми мәліметтер беріліп отырады. Сондықтан соңғы деректерді біздің арнадан біле аласыздар. 

Еске слайық, елде барлығы 10 101 учаске бар. Оның 68-і шетелде орналасқан. Ал еліміздегі 86 учаскеде дауыс беру өзгелерден 1 сағат бұрын басталады. Енді олардың санынана келсем.  Ең көп сайлу учаскесі Түркістан облысында, 919 учаске. Астана қаласында 406 сайлау учаскесі болса, оның 304-інде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған.  Алматыда 600 сайлау учаскесі дайындалды, оның 70 сайлау учаскесі мамандандырылған ұйымдарда орналасқан, бұл ауруханалар, әскери құрылымдар, санаторийлік кешендер. Батыс Қазақстан облысында 505 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны 3290 адамды құрайды.