Президент сайлауы: аймақтағы сайлаушылардың белсенділігі жоғары. LIVE

Ақмола облысында бүгін 570 мыңнан астам сайлаушы дауыс беруі тиіс. Халықтың саяси белсенділігі қалай? Аймақта дауыс беру қалай жүріп жатыр? Мұның бәрін осы өңірдегі тілшіміз Дамир Берікұлы баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дамир Берікұлы, тілші:

– Біз қазір Көкшетау қаласының қақ ортасындағы «Көкшетау» мәдениет сарайындамыз. Мұнда екі бірдей сайлау учаскесі жайғасқан. Ал олардың әрқайсысында 2 мыңнан астам адам тіркелген. Ал олардың қанша проценті дауыс беріп үлгерді. Оны нөмірі 18 сайлау комиссиясының төрағасы Жанат Қайыров мәлімдейді.

Дамир Берікұлы, тілші:

Жалпы Ақмола облысында 717 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал саяси науқанның заңдылығын 5 мыңнан астам байқаушы бақылап отыр.

ШЫМКЕНТТЕ 634 МЫҢНАН АСТАМ САЙЛАУШЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Таңнан бері учаскелерде халықтың қарасы қалың. Осы сағатта тұрғындардың 30%-тен астамы азаматтық борышын өтеп үлгерді. Аймақтағы арна тілшісі Нұрсұлтан Мұхамеджан дауыс беру учаскесінен тікелей қосылды.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

– Қайырлы күн, елорда! Рахмет! Мен қазір аймақтағы №101 дауыс беру учаскесіндемін. Дәл қазіргі уақытта ел өміріндегі елеулі жағдайдан қалыс қалғысы келмеген азаматтардың қатары қайта көбейді. Еске салып өтейін өңірде дауыс берушілер саны бұған дейінгі науқаннан 3600 адамға артты. Қала билігі барлық қоғамдық көліктерде тұрғындардың тегін қатынауына болатынын мәлімдеді.

Ал мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдауға 81 инватакси әзірленді. Олардың сайлау құқықтарын толық қамтамасыз ету үшін аймақтағы 293 учаске түрлі құрылғылармен жабдықталды. Сондай-ақ дауыс беру науқанын бақылауға шет мемлекеттерден 18 байқаушы арнайы келді. Олар сайлауды ұйымдастыру деңгейі мен өткізу шаттарын бағамдап, әзірге ешқандай тәртіп бұзушылықтың тіркелмегенін жеткізді. Жалпы халықтың белсінділігі жоғары. 

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университетінің  ректоры:

– Сайлаушылардың өзінің құқығын пайдалана отырып, бүгін елдің болашағы үшін дауыс беруі ол тарихи процесс деп есептейміз.

Бекет Тұрғараев, заң ғылымдарының докторы, профессор:

Ешқайсысы қалмайды. Менің үлкен ұлым, келіндерім барлығы да өздеріне бекітілген сайлау учаскелеріне барып, даусын берді деп бізге қуана хабарлап жатыр.

Өмірбек Темір, ардагер судья:

Сайлауға дайындық кезіндегі жариялылық, ашық дауысты беру деген сияқты кеңшілік демоктарияның белгісі көрініп тұр.

 

 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

Шымкентте барлығы 311 дауыс беру учаскесі кешкі сағат 20:00 ге дейін жұмыс істейді. Ал аурухана, тергеу изоляторы мен әскери бөлімдегі учаскелерде тіркелген сайлаушылар толық дауыс беріп үлгерсе, уақытынан бұрын жабылуы мүмкін.