Байқаушы: Заң бұзу дерегі тіркелген жоқ

Елордада биыл сайлауды ұйымдастыру деңгейі жоғары. Мұны Астана бойынша партиялық емес байқау орталығының басшысы айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлия Әубәкірова елордада дауыс беру кезінде заңды өрескел бұзғандар анықталмағанын айтты. Акт толтырылмаған.

Әлия Әубәкірова, Астана бойынша партиялық емес байқау орталығының басшысы:

– Ұйымдастыру жағы биыл өте жақсы деп айтуға болады. Өйткені таңғы 6-да біздің байқаушылар сайлау учаскелеріне келген кезде олар бәрі дайын, күтіп отырды. Таңғы 7-де дауыс берушілерді қабылдау басталып кетті. Бұзушылықтарды байқаған жоқпыз. Болса да тек қана мысалы, кішкентай баласымен бірінші кіріп кетіп, оны біз біріншіден адам тек қана бір-бірден кіру керек. Соны ескерту жасап жатырмыз. Қатты мына айтатындай ескерту жасап, акт жасайтындай болған жоқ.