Бас мүфти өз таңдауын жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы саяси науқаннан шет қалмады.

Ол Елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді. «Бүгінгі тарихи сәт  жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін оң серпін береді деп сенемін», – деді Бас мүфти.

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

- Бүгін Қазақ елінің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Біз ел болашағын жарқын ету жолындағы игі бастамаларды қолдаймыз және халықты бірлік пен ынтымаққа үндейміз. Бүгінгі тарихи сәт жоралы жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін оң серпін береді деп сенемін. Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етіп, тәуелсіздігіміздің мәңгі болуын Алла нәсіп етсін!