Польшадағы қазақстандық студенттер дауыс беруде белсенділік танытты

Польша астанасы Варшавада ашылған №271 сайлау учаскесінде әсіресе студенттердің белсенділігі жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл елде қанша қазақстандық білім алып жүр? Дауыс беру науқаны қалай жүріп жатыр? Польшадағы тілшіміз Аида Қыдырбай баяндап берді.

Аида Қыдырбай, тілші:

Халқының саны 38 млн болатын Польша 2004 жылдан бері Еуропалық одаққа мүше. Қазіргі таңда Польшада 800-ге жуық қазақстандық студент білім алып жатыр. Сол себепті Варшада ашылған нөмері 271 сайлау учаскесінде, әсіресе, жастар белсенді. Мысалы, Краков қаласында білімін жетілдіріп жүрген қос қазақстандық студент өз таңдауын жасау үшін таңғы төртте пойызға мініп, Варшаваға келіп дауыс берген.

Інжу Күлімжанова, студент:

Біз Қазақстанда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында бесінші курс студенттеріміз. Қазіргі семестрде біз Польша қаласындағы Краков қаласына ауысып келгенбіз. Менің мамандығым костюм суретшісі. Иә, біз алдын ала жиырмасыншы қараша күні сайлау өтетінін біліп, өз азаматтық борышымызды орындау үшін Краков қаласынан Варшаваға пойызбен осылай келдік.

Аида Қыдырбай, тілші:

Биыл Украинада дауыс беру орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік болған жоқ, сондықтан Киевтегі Қазақстан дипломаттары да Польшаға келіп, дауыс беріп жатыр. Украинадағы қиын жағдайға байланысты осы елдегі алты жүз азаматтың сайлауға қатысуға мүмкіндігі болған жоқ.