Сайлауды румыниялық байқаушылар да бақылады

Президент сайлауын Румыния мемлекетінің өкілдері де бақылады. Олар таңнан бері 5 сайлау учаскесінде болып, комиссия жұмысын бағамдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы аралықты қандай да бір заңбұзушылықтың болмағанын айтады.

Кытя Василе, Румыния Парламенті депутаты:

– Қазақстанның Румыниядағы елшілігінің шақыртуымен сайлауға байқаушы ретінде келдім. Бірнеше сайлау учаскесін араладық. Президент сайлауы барша қазақ елі үшін сәтті өтетініне сенімдімін.