Сайлау учаскелерінің жұмысында олқылықтар бар – Павлодар

Павлодар облысында тәуелсіз байқаушылар сайлау науқаны барысында бірқатар олқылықты анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының бір топ өкілі облыс орталығының бірнеше дауыс беру орнының жұмысын қадағалаған. Нақтырақ айтқанда, кей сайлау комиссияларының өкілдері тәуелсіз байқаушылардың жұмысына кедергі келтірген. Сонымен қатар олар бірнеше учаскеде дауыс беру кабинасының үстінде бейнекамералар орнатылғанын байқаған. Бұл азаматтардың дауыс берудің құпиялылығы мен еркіндік құқығын қамтамасыз етпейді. Тиісті ескертулерден соң сайлау учаскелерінің мүшелері камераларды жапқан.

Айта кетейік, облыс орталығында бұл қоғамдық қор атынан бес тәуелсіз байқаушы тіркелген.

Евгений Хабаров, тәуелсіз байқаушы:

– Байқаушылардың орны сайлау учаскесінің төрағасының шешімі орналастырылған. Біздің пікіріміз ескерілмеген. Дауыс беру үрдісін ол жерден бақылау ыңғайсыз болуы мүмкін ғой. Мәселен, Павлодар қаласындағы №16 учаскедегі байқаушылардың орны қызыл-ала лентамен белгіленген. Яғни, «Сайлау туралы» Заңның 20-бабы бұзылған. Бұл біздің жұмысқа кедергі.