Президент Әулиекөлде үй салуға атсалысқан бір топ азаматты марапаттады

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккендерге тұрғын үй салуға ат салысқан бір топ азамат марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Олар «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды. Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Қостанай облысында болған алапат өрттен 90 үй жанып кеткен еді. Қызыл жалын жалпы аумағы 43 мың гектар жерді шарпыды.