Сан-Францискода қазақстандықтардың дауыс беруі аяқталды

Ал Сан-Францискодағы сайлау учаскесі жұмысын бір сағат бұрын ғана тоқтатты.

, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанамен салыстырғанда мұндағы уақыт айырмашылығы 14 сағатты құрайды. Қазір мұхиттың ар жағындағы қазақстандықтардың дауыстары есептеліп жатыр.

Қазақстанның сайлау тарихында алғаш рет дауыс беру учаскесі Сан-Франциско қаласында ашылды. Мұнда негізінен білім алып жатқан студенттер және белді IT компанияда жұмыс істейтін жастар тұрады. Бұл Калифорния мен оған жақын штаттарда тұрып жатқан қазақстандықтар ыңғайлы болды. Вашингтон немесе Нью-Йоркқа әуреленбей, иек астындағы сайлау учаскесіне келіп таңдау жасады. Түрлі себептермен мұхит асып, елден жырақта жүрсе де отандастарымыз ел болашағына бей-жай қараған жоқ. Жақсы белсенділік танытқанын көз көрді. Үш қалада да тәуелсіз бақылаушылар жұмысына ешқандай кедергі болған жоқ.

Амина Мырзабек, тәуелсіз бақылаушы:

- Сайлау ҚР сайлау туралы заңаны сәйкес өтіп жатыр. Сайлау еліміздің әр азаматы үшін өте маңызды оқиға. Өйткені біз өз пікірімізді өз таңдауымызды жасай аламыз.

Әлем бойынша Сан-Францискодағы сайлау учаскесі ең соңғы болып жабылған соң, осында бірінші емес, ең соңғы болып дауыс берген отандасымызды белгілі ол. Ол Стэнфорд университетінің докторантурасында инженер мамандығын меңгеріп жатқан Айвар Абрашқлы деген азамат.

Айвар Абрашұлы, Стэнфорд университетінің докторанты:

- АҚШ-та жүргеніме екі жылдай болып қалды. Осы сайлауда шет елде, әлемнің ең батыс нүктесінде жүрсем де соңғы болып дауыс бергеніме қуаныштымын.

Қазір АҚШ-да дауыс санау процесі жүріп жатыр. Бірер сағатта АҚШ-тағы азаматтарымыздың таңдауы да белгіл болып қалады.