Байқаушы: Сайлауда заң бұзылған жоқ

Қазақстандықтар президенттік сайлау кезінде айтарлықтай белсенділік танытты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымынан келген халықаралық байқаушы Чжан Мин баспасөз брифингінде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жергілікті сайлау комиссиялары дауыс берушілерге барлық қажетті жағдайды жасаған. Дауыс беру кезінде ешқандай заңның бұзылғанын байқаған жоқпыз, деді Чжан Мин.

Чжан Мин, халықаралық байқаушы:

- Біз президенттік сайлау кезінде Астана мен Ақмола облысындағы 22 сайлау учаскесін аралап шықтық. Кейбір бөлімшеде бюллетень салатын қораптарды пломбалау сәтін көрдік. Сайлау комиссияларының мүшелерімен және дауыс берушілермен сөйлестік. Дауыс беру кезінде заң нормаларының бұзылуын байқаған жоқпыз. Халықтың белсенділігін ерекше атап өткім келеді.