Қазақстан жаңа экономикалық саясатты әзірлеу керек – сарапшылар

Бұл туралы Астанада өткен халықаралық конференцияда айтылды. Шарада отандық және шетелдік сарапшылар Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Мамандар экономикалық басқаруда түбегейлі жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттігін алға тартты.  Экономикалық басқаруда саясат «реформалар үшін реформа» жасау қағидатынан алшақтауы тиіс, дейді. Саладағы мәселелерді шешу жолдарын халықаралық мамандармен бірлесіп қарастыру қажеттігін айтты. 

Қуат Әкежанов, ҚСЗИ Экономикалық зерттеу бөлімінің жетекшісі:

- Өнеркәсіптік саясатқа байыпты түрде кірісу керек. Мәселеге атүсті қарауға болмайды. Сондай-ақ экономикалық өсім көрсеткіштеріне ғана қарап, халықтың тұрмыстық жағдайын бағамдауға болмайды. Елге басқа стратегия қажет. Сондықтан осы мәселеге қатысты жүйелі түрде жаңашылдықтар керек.