СҚО-да сайлау заң аясында өтті

Солтүстік Қазақстан облысында да сайлау заң аясында өтті. Саяси науқан кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде барлық 640 учаске ашылысымен дауыс беру кезеңін жіті бақылаған олар, халықтың көтеріңкі көңіл күйін байқаған. Жалпы аймақта 3643 байқаушы жұмыс істеді. Ал олардың 18-і облысқа шет мемлекеттерден келген. Олар топ-топқа бөлініп, облыс орталығымен аудандарды аралап шықты.

Мұхтар Қалиев, «Ел дауысы» қоғамдық қорының байқаушысы:

- Таңғы жетіден кешкі онға дейін жүмыста болдық. Біздің Петропавл қаласында 23 бақылаушы болды, кординаторды санамағанда. Жалпы сайлау ойдағыдай өтті деп ойлаймыз. Заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.