Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан мен Өзбекстан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл. Өзбек басшысы осы кезеңде екі халық арасында достық байланыс нығая түскенін атап өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Соңғы жылдары біздің байланысымыз өзара сенім мен қолдау, зор құрмет және тату көршілік қарым-қатынас, сондай-ақ стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына сай қарқынды дамып келеді» деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев қарашаның 21-і мен 23-і  аралағында өтіп жатқан Өзбекстанның Қазақстандағы мәдениет күндерін де жоғары бағалады.