Көлік және жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенат депутаттары Көлік және жер қойнауын пайдалану туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жол бойында автоматтандырылған стансаларды орнату мәселесіне қатысты толықтырулар жасау керектігін атап өтті. Сондай-ақ әуежай мен вокзалдардағы инфрақұрылымды пайдалану үшін ақша төлеу туралы норма да біраз сұрақ туындатты.

Айта кетерлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған құжат кез келген көліктегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заң жобасында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қолдану нормалары да көрсетілген. Әуе компанияларының қызметі, оларға айыппұл салу сынды түйіткілдер де осы құжатта белгіленген. Сонымен қатар мемлекеттік шекарада электронды кезек жүйесін орнату да бар. Ал теміржолдағы апаттарды енді арнайы тағайындалатын уәкілетті өкіл тергейтін болады.