Тоқаевтың президент болып қайта сайлануына байланысты құттықтаулар келіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхаттары толассыз түсіп жатыр.

Хаттардың дені мемлекет басшысының әріптестері мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен келген. Алғаш болып құттықтау жолдағандардың қатарында  Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан республикалары мен Германия, Франция мемлекеттерінің басшылары бар. Жеделхаттарды оқып әлем елдері көшбасшыларының ойы мен пікірі бір жерден шыққандығын көруге болады. Олар қазақ халқының Тоқаевқа деген сенімі жоғары екеніне мән беріп, Жаңа Қазақстанды құру бастамасына қолдау білдірген.