Мәжілісте еңбек дауларын шешу тәртібі талқыланды

Еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату жайы бүгін Мәжіліс қабырғасында талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыраулар енгізу туралы заң жобасын депутат Екатерина Смышляева таныстырды. Халық қалаулысы жұмысшылардың ереуіл ұйымдастыруын оңтайландыруды ұсынды. Яғни, кәсіпорын басшысы жиын өткізу үшін бөлме беруі міндеттеледі. Ал ереуіл ұйымдастыру туралы шешім жұмысшылардың үштен бірінің дауыс беруін талап етпейді. Тек көпшіліктің шешімі ғана қажет болады.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ұжым ниеттерінің маңыздылығын көрсететін сағаттық ескерту ереуілі ұғымы енгізіледі. Ол төрелік кезеңінде өткізілуі мүмкін. Егер кәсіпорында бір уақытта Кәсіподақ және қызметкердің сайланбалы өкілі болса – ереуіл туралы шешім қабылдау үшін бірыңғай орган құрылады.