Астық қолхаттары институты толығымен цифрландырылып, қайта іске қосылады

Олар кәсіпорындар несие алғанда сенімді кепілдікті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, агроөнеркәсіптік кешенге несие беру ұлғайтылмақ. Бұл жер қойнауын пайдалану құқығына да қатысты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Үкімет пен қаржы реттеушілерге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ зейнетақы қорының салымшылары өз жинақтарының 50%-ке дейін жеке басқаруға беру құқықтары кеңейтіледі. "Бұл бизнесті несиелеуді ұзақ мерзімді қаражатпен қамтиды", - деді Президент.