Мәжілісте банкроттық туралы заң жобасы 1-ші оқылымда қабылданды

Кімдер банкрот деп танылуы мүмкін? Азаматтар өзін-өзі банкрот деп жариялау үшін нені білуі қажет? Оның салдары қандай болмақ? Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасы 1-ші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеке азаматтар банкрот деп танылуы мүмкін. Шарттар орындалса, қарызы кешіріледі. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев банкроттық туралы рәсімдердің 3 түрін енгізуді ұсынды. Алғашқысы – соттан тыс болмақ.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- Банктер, Микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдындағы  берешек 4,9 млн теңгеден немесе 1600 АЕК аспауы тиіс. Ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аспайтын табысы болса. Бұл 36018 теңге. Бұл ретте борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен тиісті рәсімдерді жүргізуі қажет.

Ал сомасы 4,9 млн теңгеден асатын және басқа да берешек түрлері бойынша банкроттық рәсімі сотқа жүгіну арқылы қаралады. Борышкердің мүлкі болса, сатылып, сомасы қарызды өтеуге бағытталады. Сондай-ақ, борышкер мен кредитордың келісімімен қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеу рәсімі қарастырылған.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

- Бұл процедураның артықшылығы – кейін адам іс жүзінде банкрот деп танылмайды. Сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Альфа: Банкрот деп танылған азамат 5 жыл бойы ешбір банктен несие ала алмайды. Бір рет банкорт болған адам екінші рет тек 7 жылдан кейін ғана жүгіне алады. Сондй -ақ азаматтың ресми кіріс-шығысы 3 жыл бойы бақылауда болады.

Асқарбек Үйсімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егер азамат банкрот деп танылған жағдайда ол өз міндеттемелерінен босатылады. Яғни орның қарыздары кешіріледі. Аталған жағдай міндеттемелерді орындаудан теріс ниетпенен жалтару, мүлікті жасыру тәуекелдеріне және борышкер тарапынан басқа да әрекеттер алып келуі мүмкін.

Мәліметтерге қарағанда бүгінде банк алдында берешегі бар борышкерлердің 31 мыңнан астамы банкрот деп танылуы мүмкін. Ал мүлкін жасырып, жалған ақпарат ұсынғандарды тиісті жаза күтеді. Ерұлан Жамаубаев басты мақсат - азаматтардың борыштық жүктемесін барынша азайту, әлеуметтік шиеленісті жеңілдету екенін айтты.