Германияда неміс кәсіпкеріне «Достық» ордені берілді

Германияда неміс кәсіпкері «Бірінші дәрежелі Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Кәсіпкер Николаус Кнауфқа марапатты Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жеткізді. Ол басқаратын компания – әлемдегі құрылыс материалдарының жетекші өндірушісі. Қазақстанда фирма 20 жылдан астам жұмыс істейді және біздің елімізге 25 млн еуродан астам инвестиция салған. Сондай-ақ, гуманитарлық байланыстарды дамытуға және мәдени алмасуды арттыруға көмектескені үшін кәсіпкер Габриэла Минц «Екінші дәрежелі Достық» орденімен марапатталды.

Габриэла Минц, «MINZ GMBH» компаниясының директоры:

- Бұл марапат мен үшін өте маңызды. Біз Қазақстанмен мәдени ықпалдастықты дамыту бағытында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қазақ елінің мәдениеті бай. Менің ойымша, сіздердің фильмдеріңіз бен музыкаларыңызды Германия жұртшылығына көбірек көрсетіп, ұсыну қажет. Алда ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенемін.