«Аманат» партиясының бірқатар филиалына жаңа төраға сайланды

Кезектен тыс өтіп жатқан конференция кезінде ашық дауыс беру арқылы партияның өңірдегі басшылары айқындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Жетісу облысында бұл қызметке филиалдың бұрынғы атқарушы хатшысы Арын Арыстанғали тағайындалды. ал Алматы облысындағыда «Аманат» мүшелері Қуат Байғоджаев сайлады. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысында да жиын өтіп, жергілікті филиалдың төрағасы болып Мұрат Мұқаев лайық деп танылған.