Сенат сайлауына Алматыдан төрт кандидат қатысады

Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына Алматыдан төрт кандидат түседі.

Үміткерлердің барлығы әйел азаматтар. Бұл туралы бүгін Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Халықова хабарлады. Үміткерлерді тіркеу 24 желтоқсанда аяқталды. Ол уақытта бес кандидат болған. Алайда Мемлекеттік кірістер департаментінің хаты негізінде, кандидат мәлімдеген активтер мен міндеттемелер туралы ақпараттың дұрыс еместігіне байланысты бір үміткерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылды. Қазір үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Ол үшін бюджеттен әрқайсысына 550 мың теңгеден бөлінген. Бұдан бөлек кандидат өзінің сайлау қорын құра алады.

Айгүл Халықова, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз басылымдарында 2 мақала жариялауға 400 мың теңге беріледі. Сайлау алдындағы жария іс-шраларды өтізу және үгіт материалдарын шығару 70 мың теңге және көліктік шығыстарға 80 мың теңге бөлінеді.