Ұлытау облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш кандидат тіркелді

Біреуі оқытушы, қалған екеуі автомобиль және өндірісті ұйымдастыру мамандығының иесі.  Аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған мәлімет бойынша кандидаттыққа басында 7 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біреуі өз еркімен өтінішін қайтарып алса, 3-еуі тіркеу үшін көзделген құжаттарды толық ұсынбаған. Ал, тіркелген кандидаттарға сайлау-алды үгіт жұмыстарын бастауға құқық берілді.

Құсайын Жанаев, Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына байланысты, қазір жер-жерлерде үгіт насихат жұмыстары басталды. Ұлытау облысында үш қала мен екі аудан бар. Сол аудандардың мәслихат депутаттарымен кездесу ұйымдастырылып, солармен үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.