Түркістан облысынан Сенат сайлауына екі кандидат қатысады

Алғашында алты үміткер өз кандидатурасын ұсынған. 

Кейін біреуі отбасы жағдайына байланысты құжаттарын кері қайтарып алды. Ал екінші кандитаттың мүлік салығы жөніндегі декларациясын тексеру кезінде шикілік шығып, тіркеуден алынған. 24 желтоқсан күні аймақта төрт кандидат үгіт-насихат жұмыстарын бастағанымен кейін оның екеуі өз өтініштерін қайтарып алған. Қазір екі үміткер өздерінің сайлау алды үгіт жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Әмірдин Әлішев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 14 қаңтарға белгіленген сайлауға дайындық жұмыстарын қызу жүргізуде. Сайлау 11:00-ге белгіленген. Дайындық жұмыстары ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік бекітілген іс-шарасына байланысты талапқа сай атқарылуда.