Қазақстандықтар депутаттыққа кандидат қандай болуы керектігі жайында өз пікірлерін білдірді.
- Біз өзіміз сайлағаннан кейін, егер халық дұрыстап сайлайтын болса, ол депутат халықтың мүддесін қорғау керек.
- Біз енді дұрыс, нақты депутаттар деп кандидаттарды қолдап барамыз. Өзіміз енді ішінен ұнатқан адамды сайлаймыз.
- Менің ойымша, мемлекеттік қызмет саласында жұмыс жасаған, жоқ дегенде 5-10 жыл жұмыс жасаған. Жас аралығы 40-50 шамасында деп ойлаймын.
- Мен жастарды қолдаймын. Жастар өсу керек, өркениетті болу керек. Біз соларға қарап, үміт күтеміз.
- Енді халықтың мұң-мұқтажын білетін кандидаттар болу керек қой. Жаңа Қазақстан, алға деп сол кісілерден көп көмек күтеміз.
