Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

Президент ұшағы Көкшетау әуежайына сағат 11 шамасында қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады. Жалпы, облыстың ауыл шарушалығы саласындағы жалпы ішкі өнімі былтыр 1 млрд 75 млн теңгеден асқан. Өңір республика бойынша комбайнның 41, трактордың 12%-ін шығарып, шаруаларды отандық техникамен қамтып отыр.