«Ақ жол» партиясы тіркеуден өтті

Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынған партиялық тізімін тіркеді.

Ол 54 адамнан тұрады. Барлық квота талаптары сақталған. Үміткерлер қатарында 5 және 6 шақырылым депутаттары да бар.

Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

- Тізімдегі 20-дан астам адам жергілікті филиал басшылары мен өкілдерінен іріктелді. Жаңадан келіп қосылған үзеңгілестер бар. Шамамен өзгергені 60 пайыздан кем емес. Тізімдегілердің 60 пайыздан астамы – жаңа азаматтар.