Президент Степногорск тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы жылу электр орталығының жағдайымен танысқан соң Үкіметке әкімдікпен және кәсіпорын иелерімен бірлесе отырып, іс-әрекет алгоритмін әзірлеуді тапсырды.

Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындармен кездесуде айтты. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Степногорск қаласының әкімдігі үшінші жыл қатарынан абаттандыру жұмыстарымен айналысып келеді. Іске асырылатын жобаларды тұрғындардың өзі дауыс беру арқылы таңдайды. Биыл Ақмола облысында аулаларды жөндеуге өңірлік бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді, оның жартысы Степногорск қаласына арналған. Қала тұрғындарымен әңгімелесу барысында Президент шағын қаланың дамуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Сосын «Бестөбе» кенішіне қатысты жағдай бақылауында екенін айтты. Үкіметке және жергілікті органдарға проблеманы шешу жөнінде тиісті тапсырма берілді.