Мәжіліс сайлауына барасыз ба? – Сауалнама

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау 19 наурызда өтетіні белгілі.

Елорда жұрты саяси науқан туралы не дейді? Тұрғындар, дауыс беруге, бара ма ? Сауалнаманы тыңдайық. 

БЛИЦ:

  1. Әрине барамыз. Несімен маңызды? Не үшін барасыз сайлауға? Үмітіміз бар. Жаңадан келетін депутаттарға. Соларға сенеміз. Барамыз. Дауыс береміз өзіміздің қалаған депутаттарымызға.
  2. Не үшін барасыз? Еліміздің болашағы ғой. Депутаттарға сенеміз. Дұрыс депутаттар билік басына барып, жаңа Қазақстанды құрады деген сенім бар. Жалпы әділ өтеді деп ойлайсыз ба? Ойлаймыз, иә. Сенеміз.
  3. Өзіңіз барасыз ба? Әрине шалымды ертіп барамын. Онсыз болмайды. Жас күнімізден бері сайлауға барған адамбыз ғой. Біз ана бұрынғы заманның адамымыз. Қалмаймыз ондайдан.
  4. Сайлауға не үшін барасыз? Ел үшін, халық үшін. Балалардың болашағы үшін барамын.