Грузия сарапшылары елімізде өтетін сайлауды талқылады

Елімізде іске асып жатқан саяси реформаларды грузин сарапшылары жоғары бағалады.

Тбилисиде  саясаттанушылар, дипломаттар, сарапшылар мен экономистер бас қосқан "дөңгелек үстел" өтті. Онда экономикалық өзгерістер, сондай-ақ елде өтетін парламенттік сайлау талқыға түсті. Сарапшылар Қазақстанның батыс пен шығысты байланыстырушы болғанын атап өтті. Әрі президенттік сайлау кезінде бақылаушы болған грузин мамандары елдегі саяси мәдениеттің жоғары деңгейде екенін баса айтты.

Вахтанг Майсая, Кавказ халықаралық университетінің профессоры:

- Менің ойымша, Қазақстан өтпелі кезеңде болған саяси проблемалардан абыроймен өтті. Қазақ халқының бірігіп, саяси консенсустың жаңа түрін құрғаны үлгі. Бұл поляризация деңгейі өте жоғары грузин саясаты үшін де өте маңызды дер едім.