«Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылауға арналған кезекті жиын өтті

Бүгін «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылауға арналған кезекті жиын өтті.

Ақпарат және қоғамды даму министрлігінің өкілдері, заңгерлер мен БАҚ қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы телерадио операторлар мен арналардан түскен ұсыныстарды талдады. Оның ішінде сигнал қабылдау мен ре-трансляция жүргізу, ақпарат құралдарына арналған мемлекеттік қолдаудың аражігін ажырату және масс медианың қызметін реттеу мәселелері қаузалды. Еске сала кетсек, 2 ақпанда ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заң жобасын көпшілік назарына ұсынған еді. Белгіленген регламент бойынша, құжатта ұсынылған баптар егжей-тегжейлі талдаудан өтеді.