Алматыда БҰҰ-ның 18 өкілдігі жұмыс істейді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы өкілдігі кеңсесіне ресми түрде Біріккен Ұлттыр Ұйымы PLAZA атауы берілді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен қала әкімі Ерболат Досаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктері мен дипломатиялық корпус басшыларымен бірлескен отырысында айтылды.

Жиналғандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму бойынша аймақтық  халықаралық Хабын құру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруды талқылады. Қазір қалада халықаралық ұйымның 18 өкілдігі жұмыс істейді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі болу керек. Бірақ, әрине, мына жыл сайын осы жерде ұйымның өкілдіктері көбейген сайын, әрине, бұл шешімге жақындап бара жатырмыз. Бірақ қазіргі таңда Алматыда осы барлық БҰҰ-ның агенттіктерінің ашылуы кеңселері болуы, әрине, ол мына аймақтағы Орталық Азиядағы Қазақстанның рөлін көрсетіп отыр.

Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:

- Бүгін ғимаратымыздың Біріккен Ұлттар Ұйымы PLAZA атауына ие болғанына өте қуаныштымыз. Бұл тағы да Қазақстан үкіметінің көпжақты ынтымақтастыққа бейілділігін көрсетеді. Ал біз үшін мұндай ғимаратта жұмыс істеу – үлкен мәртебе.