Әкімшілік кодексті бұзған кандидаттар анықталды

Мәжіліс және мәслихаттар депуттығына кандидаттар арасында сайлауалды үгітті ерте бастаған, декларацияда табысын ашық көрсетпеген және үйқамақ режимін бұзғандар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бірақ бұл кандидаттар саяси доданы жалғастырады. Мұны «Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабы хабарлады. Олардың айтуынша, сайлауға қатысушылар ішінде жеке деректерді тарату және қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен тергеуде жүрген азаматтар бар. Бірақ сот шешімі шыққанша олар кінәсіз болып саналады. Сондықтан мұндай факторлар сайлауға қатысуға кедергі келтірмейді, - дейді штаб өкілі Думан Жанпейісов. Енді аталмыш жайттарды сайлау комиссиясы қарастырады. Бұл деректер саяси науқаннан шығып қалуға негіз болуы мүмкін.

Думан Жанпейісов, «Адал сайлау үшін» республикалық қоғамдық штабының мүшесі:

- Конституцияда адам соттың үкімі күшіне енгенге дейін кінәлі емес деп есептеледі. Соттың үкімі кінәлі деп есептелгеннен кейін ғана ол қандай да теріс салдарлар болуы мүмкін. Егер қандай да бір сәйкессіздік табылып жатса, ол ертең сайлау комиссиясының тіркеу туралы қабылдаған шешімінің күшін жоюға негіз болады.