Дархан Қыдырәлі Бакудегі жаһандық форумда сөз сөйледі

Әлемдегі сын-қатерлер ақпараттық қауіпіздікке ерекше көңіл бөлу керектігін көрсетеді.

Бұл туралы еліміздің  Ақпарат және қоғамдық даму министрі оныншы Баку жаһандық форумында айтты. Дархан Қыдырәлінің сөзінше, мұндай сын-қатерлердің қатарында климаттық, азық-түліктік және ядролық қауіпсіздік, гибридтік соғыстар мен инфодемия құбылысы бар. Бұл ретте министр қажетті ресурстарды, технологиялық шешімдерді, сондай-ақ осы саладағы мамандарды даярлау маңыздылығына тоқталып өтті. Бұдан бөлек Дархан Қыдырәлі Каспий теңізінің экологиялық жағдайына назар аудару керектігін де тілге тиек етті. Өйткені ғалымдардың зерттеуінше, 21-ғасырдың соңына таман оның көлемі азаюы мүмкін. Сондықтан бұл аймақтағы экожүйе мен экономикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, деді министр. Айта кеткен жөн, осымен 10-рет өткізіліп отырған Баку жаһандық форумына Әзербайжан президенті, сондай-ақ әлемнің танымал саясаткерлері мен ғалымдар қатысты. Қазақстандық делегация құрамында ғылыми-зерттеу орталықтары мен министрлікке қарасты мекемелердің өкілдері бар.