Қазақстанда БАӘ 6 жобасы жүзеге асады

Қазақстанда Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі деген 6 жобасы жүзеге асады.

Ол экономиканың әр секторын қамтиды. Бүгін елге Дубайдың Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері келіп, отандық бизнес өкілдерімен бетпе-бет кездесу өткізіп жатыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің арасындағы алыс-беріс 632 млн.доллардан асқан. Ал Қазақстан Араб Әмірліктеріне 560 млн.доллардың тауарын экспорттаған. Бүгінгі жиыннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас тіптен нығая түседі деген жоспар бар. Себебі өткен жылы Президенттің аталған елге жасаған сапарынан кейін қос мемлекет арасында инвестицияны қорғау және арттыру бойынша келісім шарт ратификацияланып, оны әрі қарай арттыру бойынша келісмге қол қойылған болатын.

Мұхаммед Әли Рашед Лута, Дубайдың сауда - өндіріс палатасының президенті:

- Біз қазір бірқатар орталық Азия елдерімен келіссөз жүргіземіз. Соның ішінде Қазақстанмен ірі жобаларымыз бар. Бүгін осында Қазақстанмен жұмыс істеуге ынта білдірген ірі 26 компания келіп отыр. Бізге әсіресе осы елдің ауылшаруашылығы, химия- металургия мен АЙТИ секторы қызықты.  

Ардақ Зебешев, ҚР СІМ инвестиция комитетінің төрағасы:

- Ең маңызды жобаның бірі энергетика саласында, және өзгеде туристтік салада соғылатын жоба бар. Негізінде бізде БАӘ-мен біздің экономикаға 2 млрд доллар әкелінген бірақ оны біз әрі қарай арттыруымыз керек.