М. Әшімбаев ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

Қазақстан әділ, ашық әрі бәсекеге қабілетті сайлау өткізуге мүдделі.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы байқаушыларымен кездесу өткізген Сенат Төрағасы осылай деді. Жиын барысында Мәулен Әшімбаев ұйым өкілдеріне ризашылығын білдіріп, сайлаудың заңға және халықаралық нормаларға сай өтуі үшін барлық шара қабылданып жатқанын айтты. Палата Спикері сондай-ақ, елімізде іске асырылып жатқан саяси жаңғыртуларға да тоқталып, оның сайлау процесін одан әрі тиімді етуге мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.  Өз кезегінде шетелдік байқаушылар алдағы сайлауға дайындықтың жоғары деңгейде екенін сөз етіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.