Қ. Тоқаев: Бизнесті қолдауға кешенді бағдарлама керек
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 5 жыл шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керек екенін айтты.
Ұлттық жобалар уақытылы және сапалы жүзеге асырылуы тиіс. Бюджеттің әрбір тиыны тиімді жұмсалуы керек. Осының бәріне парламенттік бақылау жасау айрықша маңызды, - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеуді Үкіметке тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен еліміздің кәсіпкерлеріне үндеу жасағым келеді. Қазақстан – бәріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік, болашағымызды бірге құрайық. Мен Президент ретінде Сіздерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетініне кепілдік беремін. Осы орайда Үкіметке депутаттармен бірлесіп, орта бизнесті дамытудың тың тәсілдерін әзірлеуді тапсырамын. Өйткені орта бизнес ел экономикасын дамыту ісінде басты рөл атқарады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.