Отандық ғылым Президенттің жеке бақылауында болады

https://www.akorda.kz/assets/media/dsc-8734-2_mediumThumb.jpg

Осыдан соң Мемлекет басшысы адами капитал хақында айтты.

Бұл саланы дәйекті және жүйелі түрде жетілдіру керек. «Жайлы мектеп» жобасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, жоғары оқу орындарының базасында академиялық артықшылық орталықтарын құруды жалғастыру қажет», - деді. Сосын ғылымға тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Отандық ғылымның кешенді дамуы жеке бақылауымда болады. Одан бөлек, денсаулық сақтауды жаңа сапалы деңгейге шығару қажет. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру керек. Мұнда цифрлық шешімдердің көмегімен шығындарды бақылауды күшейту өте маңызды. Жалпы, цифрландыру экономиканың барлық саласын қамтуға тиіс. Ол үшін ақпараттық технологиялар нарығын барынша дамыту қажет.