Альберт Рау ҚХА-ның қоғамдағы рөліне тоқталды

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау былтыр тарихи реформалардың жылы болғанын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте Қазақстан халық Ассамблеясының мән-мағынасына тоқталды. "Этномәдени бірлестіктер елді ұйыстырып, бірлікті бекемдеуге ұлес қосып келеді", - деді.

Ал «Вайнах» шешен және ингуштар қауымдастығының төрағасы Ахмед Мурадов: "Ассамблея, уақыт өте келе өз тиімділігін дәлелдегеніне тоқталып өтті. Ұйым әділетті қоғам орнатуға септесетін әрі түрлі қауіп-қатерге төтеп беретін Президенттің ұжымдық көмекшісі міндетін атқарып отыр", - деді.