Қазақ тілі ғылыми прогресс құралына айналады

Мемлекеттік тіл саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің болашағы туралы айтты. «Асыра сілтеушілік пен, даңға-залыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар, тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс. Сонымен қатар біздің қоғамда, мемлекеттік тілді үйрену, қалыпты жағдайға айналуы қажет» деді.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек.