Барлық азаматтың қазақ тілін меңгеруі саясатымыздың стратегиялық бағыты бола береді

Барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді.

Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының 32-сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Яғни қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек.