Сенаторлар Жетісу облысының шаруаларымен кездесті

Ауылшаруашылық саласын субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі дұрыс жұмыс істемейді.

Соның салдарынан мемлекеттік қолдаудан қағылып отырмыз. Осылай деген жетісулық шаруалар базынасын еліміздің сенат депутаттарына жеткізді. Аграрлық мәселелер табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысында қант қызылшасына қатысты түйткілдер де  көтерілді. Биыл 16 мың гектарға тәтті түбір егетін еңбеккерлер ауыл шаруашылық техникасына салынатын утилизациялық алымды алып тастауды сұрады. Тыңайтқыштың уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етіп, фосфорды сатып алу жүйесі жеңілдетілсе деген тілегін жеткізді. Тұқым сатып алуға бөлінетін субсидияны арттырып, ирригациялық жүйелерді жаңарту қажеттігін де атап өтті. Себебі өңірдегі 7 мың шақырымнан асатын суару желісінің басым бөлігі ескірген. Сонымен бірге шұғыл түрде «Госагро» ақпараттық жүйесіне қатысты шешім қабылдау керек деді.

Александр Хильниченко, шаруа: 

- Шаруалар алған несиенің негізгі қарызы мен қатар 27 пайыздық үстемақысын өздері төлеуге мәжбүр. Себебі үстемақының бір бөлігі субсидияланбай отыр.  «Госагроның» дұрыс жұмыс істеуі салдарынан олар мемлекеттік қолдауды көре алмады. Аталған жүйе дала еңбеккерлеріне көптеген қиындық тудырды. Оны жетілдіру керек.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ұсыныстарымызды үкіметке ауыл шаруашылығы министріне жолдайтын боламыз. Және өзіміз де соған атсалысуға тырысамыз. Себебі аграрлы комитете біздің осы Жетісу облысынан шыққан депутаттар бар. Сол депутаттар арқылы мәселені тиісті деңгейде көтеруге болады.