Анкарада ТүркПА-ның кезекті пленарлы отырысы өтті

Анкарада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының 12-пленарлық отырысы өтті.

Халықаралық жиынға еліміздің атынан Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. 

Меруерт Қанағат, тілші:

- Биыл Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясына 15 жыл. Осы аралықта біраз шаруа атқарылды. Бұл жолғы  бауырлас елдердің паламент басшыларының бас қосуы өзекті тақырыптармен өрілді. 

Алдымен ұйымға мүше елдер Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия Парламентінің жетекшілері Кеңес отырысында бас қосты. Ассамблеяның жұмысын одан әрі жандандыру үшін бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Біздің мемлекет басшыларымыз түркі әлемінің дамуы жолында шексіз үлес қосып келеді. Осыдан бір жарым ай бұрын Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті өтті. Онда көшбасшылар біздің бауырлас елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылдады. Осыған орай біз де өз тарапымыздан парламентаралық іс-қимыл арқылы көшбасшыларымыздың қарқынына ілесе білуіміз керек.

Сонан кейін ТүркПА-ға мүше елдер Парламенттерінің жетекшілері бірлестіктің ХІІ пленарлық отырысына жиналды. Тараптар түркі дүниесінің келешегіне қатысты ойларын ортаға салды. 

Сұлтан Раев, халықаралық Түрксой ұйымы бас хатшысы:

- Қазіргі күндегі ең өзекті мәселелерді энергетика, миграция және азық- түлік тақырыптарын қарастырып жатыр. Әлемде күн тәртібінде бұл мәселелер алдыңғы қатарда тұр. Бүгінгі жиында маңызды шешімдер қабылданады деп сенемін.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы:

- Бір мақсатқа жету үшін неғұрлым күшті шоғырландырсаңыз соғұрлым ол мақсатқа жету оңай болады. Бүгін қаралып жатқан энергия, азық-түлік, көші-қон мәселелері тек ТүркПа мүшелерінің көкейінде жнрген мәселе ғана емес, сондай-ақ бүкіл Азия кеңістігінде аса қажетті шешіидерді талап ететін мәселер. Азия кеңесі щеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Слның әшәнде Қазақстан басшылығымен іскерлік кеңес отырысында азық-тұлік қауіпсіздігі мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Отырыс соңында тараптар Анкара декларациясын қабылдады. ТүркПА-ның келесі ХІІІ жиыны 2024 жылы Әзербайжанда өтетін болды.