Елге мемлекеттік сапармен Тәжікстан Президенті келді

Эмомали Рахмонды елорда әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеді. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер өтеді және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Қазақ пен тәжік екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Былтыр осы бағытта айтарлықтай өсім болды. Арадағы сауда он сегіз жарым пайызға өсіп, 1,4 млрд долларға жетті. Бүгінде Қазақстан Тәжікстанның сыртқы сауда әріптестері арасында экспорттық-импорттық операциялар бойынша екінші орында тұр.