Еуразиялық экономикалық одақ аясында транзиттік әлеует одан әрі дамитын болады.
Тиісті Келісімді Сенат депутаттары талқылады. Сенаторлардың айтуынша, бұл ратификациялық құжаттың мақсаты – кедендік рәсімдерді оңайлату және уақыт пен қаржылық шығындарын қысқарту. Сондай-ақ қарастырылып отырған Келісімге 2022 жылдың 19 сәуірінде Еуразия экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қол қойған.
