ҚХА алаңында ұйымшыл қоғам құрудың негізгі факторлары талқыланды

Ұлтжандылық және бірыңғай әлеуметтік құндылық заманауи һәм ұйымшыл қоғам қалыптастырудың негізгі факторлары.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы алаңында сарапшылар осындай пікір білдірді. Мамандар мемлекеттік тілді және азаматтық тұтастықты дамыту жолдарын талқылады. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қазақ тілінің аясын кеңейту үшін масс-медиа мен байланыс орнатудың тың құралдарын пайдалану тиімділігіне тоқталды.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Біздің министрлік бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Түрлі этностардың басылымдарын гранттармен қолдап отыр. Және БАҚ-та бұл кеңінен насихатталуда. Сонымен қатар бізде мынау әр түрлі ТикТок хаус сияқты жаңа медианың да ролі артып келеді. Осы орайда мемлекеттік тілді оқыту методикасын жетілдіру тәрбие және білім беру мекемелерінде қазақ тілін оқыту мен үйрету сапасын арттыру, жалпы этномәдени бірлестіктердің жастармен жұмыс жүргізу барысында қазақ тілін насихаттау мәселесі де күн тәртібінде.