Әлихан Смайылов Эмомали Рахмонмен кездесті

Әлихан Смайылов Эмомали Рахмонмен кездесті

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Эмомали Рахмонмен  жүздесті.

Үкімет басшысы Тәжікстан Қазақстанның аймақтағы маңызды сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Мәселен, былтыр екіжақты тауар айналымы 19 пайызға өсіп, 1 млрд 400 млн АҚШ долларына жетті. Өз кезегінде Эмомали Рахмон стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың жоғары әлеуетін мысалға келтірді. Қос елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастырудың, екіжақты сауданы арттырудың және өзара мәдени-гуманитарлық іс-қимылды жандандырудың маңыздылығына мән берді.