Қ. Тоқаев Ржев мемориалына барады

Мемлекет басшысы Ресейге сапар шегеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы – ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі. Оған Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысқан. Президент жолай Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына бармақ. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген.