Қытайдың «CITIC GROUP» компаниясы құны $1,6 млрд болатын 5 құжатқа қол қойылды

Қытайдың «CITIC GROUP» компаниясы энергетика және мұнай химиясы өнеркәсібі саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру үшін қазақстандық әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа қол қойды.

Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Чжу Хэсин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен кездесу кезінде айтты. Келісімдердің жалпы құны 1 млрд 600 млн доллардан асады. Мемлекет басшысы "CITIC Group" компаниясы Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі екенін атап өтіп, кәсіпорын жұмысына табыс тіледі.