Қытайлық инвесторлар Қазақстан аумағында мыс балқыту зауытын салады

Қытайлық инвесторлар "KAZ Minerals" кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстан аумағында мыс балқыту зауытын салады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Чайна Нонферроус Метал Майнинг" (China Nonferrous Metal Mining) компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньді қабылдады. Екеуара әңгімеде тау-кен металлургиясы және шикізатты терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Президент осындай ірі жобаларды іске асыру – екі ел арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті.