Түркістанда Ұлттық құрылтай басталады
Түркістанда ұлы жиын.
Бүгін киелі шаһарда Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы басталады. Қазір елдік мәселе талқыға түсетін орында қарбалас. Соңғы дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Құрылтай өтетін алаң қазақтың он екі қанатты киіз үйі тәрізді безендірілген. Алқалы жиынның алғашқы күні үш тақырып қаузалады. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаеваның төрағалығымен "Қоғамдық консолидация" саласы жан-жақты талқыланбақ. Одан кейін құрылтай қатысушылары "Мәдениет. Өнер. Руханият" саласында сөз қозғайды. Соңғы секция "Білім және ғылым" тақырыбына арналады. Ал Ұлттық құрылтайдың негізгі жиыны ертең өтеді. Арна тілшілері игі шарадан толыққанды ақпарат таратады.